Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ағымдағы жылғы Экономикалық тергеу департаменті жұмысының нәтижелері айтылды. Баспасөз конференциясында ведомствоның басым міндеттерінің бірі көлеңкелі экономикаға, оның ішінде цифрлық активтердің заңсыз айналымына қарсы күрес екенін атап өтті.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжановтың айтуынша, жыл басынан бері Алматыда 111 экономикалық қылмыс тіркелген, оның 79-ы сотқа жіберілген.

Ауыр қылмыстар бойынша 68 жағдай тіркелді. Тергеу нәтижесінде мемлекетке мүлікке тыйым салу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, 47,7 млрд теңге қайтарылды.

«Ақшаны жылыстату және заңсыз әрекеттерді қаржыландыру үшін жиі қолданылатын цифрлық активтердің заңсыз айналымымен күресуге баса назар аударылады. 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енген «ҚР - дағы Цифрлық активтер туралы» жаңа Заңға сәйкес Қазақстан аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және айналымға тыйым салынады, - деп хабарлады Д.Ақжанов.

Қазіргі уақытта АХҚО-да қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті лицензиялаған субъектілердің алаңдарында рұқсат етілген. Комитет қамтамасыз етілмеген цифрлық активтері бар лицензияланатын қызмет түрлері шеңберінде қаржы қызметтерін көрсететін субъектілердің, Binance, ByBit, Huobi, KuCoin және басқа да крипто-биржалардың реттеушісі болып табылады.

«Ең алдымен, криптовалюта транзакциялардың қауіпсіздігі мен анонимділігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын түсіну керек, оны ЕДБ-дегі кез келген валюталық шот арқылы еркін айырбастауға, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, айырбастауға және қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Ол қолданушылар арасында барған сайын танымал бола түсуде, сонымен қатар қылмыскерлердің назарын аударады, өйткені оны ақшаны жылыстату, терроризмді және басқа да қылмыстарды қаржыландыру сияқты заңсыз мақсаттарда пайдалануға болады», - деді Д.Ақжанов.

ӨКҚ спикері қазіргі уақытта криптовалюта көлеңкелі онлайн-нарықтарда белсенді қолданылатынын атап өтті. Осы салаларда қолданылатын биткоиндер мен криптовалюталардың басқа түрлері іс жүзінде әлемнің ешбір жерінде нақты заңды жіктеуі жоқ.

Қазіргі уақытта Департамент 58,5 млн АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтерді айырбастау жөніндегі заңсыз қызметке байланысты алты қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын алу мақсатында «Кибернадзор» жүйесі арқылы осындай қызметпен айналысатын 134 интернет-ресурс бұғатталды. Сондай-ақ, криптовалютаны заңсыз пайдалану жағдайларын белсенді түрде зерттейтін цифрлық активтер саласындағы құқық бұзушылықтармен күресу үшін арнайы «Криптон» бөлімшесі құрылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ