Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған абаттандыру мен тазалық жұмысының нәтижесін баяндады.
Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері аудан аумағында 64 нысан тазартылған. Мердігер ұйымдармен қатар тұрғындар, белсенділер, студенттер, білім беру мекемелері мен бизнес өкілдері белсене араласты оған. 6 мың м³-тан астам қоқыс шығарылып, тазалау жұмысы қоғамдық кеңістікі, саябақты, жағалау мен кәсіпорындарға іргелес жерлерді қамтыды.
Маңызды бағыттардың бірі – Солтүстік айналма жолы бойында және Айнабұлақ ықшамауданында орналасқан бейберекет сауданы жою.
«Полиция бөлімшелерімен бірлесіп жүйелі рейдтер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орта есеппен бір рейд барысында 100-ден астам заңсыз сауда нүктесінің қызметі тоқтатылып, күн сайын 100 м²-ден астам тұрмыстық қалдық шығарылады», – дейді спикер.
Оның айтуынша, жылға жоспарланған барлық іс-шаралар межеленген мерзімде толығымен біткен.
«Біздің басты мақсатымыз – аудан тұрғындарына қолайлы, қауіпсіз және таза қалалық орта қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстаудың тиімділігін арттыра түсу», – дейді Ләззат Жылқыбаева.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ