Түрксіб ауданында әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау саласында бір мезетте 20-дан астам жоба жүзеге аспақ.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бақытжан Ақжаров биыл іске қосылатын және алдағы екі жылға жоспарланған жұмыстар туралы айтты.
Биыл аяқталған жобалар:
- №59 мектеп-гимназиясының бөлімшесі қайта жаңартылды,
- жатақханасы бар Телекоммуникация колледжінің құрылысы.
Жыл соңына дейін пайдалануға берілетіндер:
- Time City, Парасат, Altyn City, Jeti Qazyna тұрғын үй кешенінде 6100 орындық 4 жаңа мектеп,
- №50 мектептің сейсмикалық күшейтілуі,
- ПК Қонаевта 260 орындық балабақша.
Жас-Қанат шағынауданында үлкен жоба — Шығармашылық дамыту орталығының құрылысы басталды.
2026 жылға арналған жобалар:
- №170 мектепте 125 орындық қосымша ғимарат салынады,
- №78 мектепті 450 орынға қайта жаңартады.
Сонымен қатар 6 үлкен білім беру нысанының жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде:
- №74, №89, №20 мектепте жаңа ғимараттар салу,
- №142 және №84 мектепті жаңғырту,
- Алтай, Әлмерек шағынауданы мен Огарев көшесінде балабақша жобалау.
Биыл Жұлдыз шағынауданындағы №20 емханаға күрделі жөндеу жүргізілді.
Жыл соңына дейін аяқталатын жобалар:
- Айбасов көшесінде 200 адамға арналған амбулатория алынады,
- №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін жаңғыртады.
Намаганская көшесінде ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салынады. Оның құрылысы келер жылдың тамызында бітпек.
Алты нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, оған мыналар кіреді:
- 200 адамға арналған 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (РВ-90 және Әлмерек ш/а),
- №24 қалалық емхана мен Фтизиопульмонология орталығы ғимараттары күрделі жөндеуден өтеді,
- №8 қалалық клиникалық аурухананы жаңғыртады,
- Қайрат шағынауданында 340 адамға арналған емхана салынады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ