Медеу ауданында 116 шақырымдық жаңа желі салынып жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры «Мұзтау» шағын ауданындағы сумен жабдықтайтын құрылыс алаңында өтті. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин журналистерге инженерлік инфрақұрылымның ең ірі жобаларының іске асырылу барысымен таныстырды, бұл жобалар 65 мыңнан астам тұрғынды қамтымақ.