Жаңа жыл және пиротехника: алматылық құтқарушылар қала тұрғындарына ескертеді
Алматы құтқарушылары қала тұрғындарын жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Төртқараев ӨКҚ алаңында сөйлеген сөзінде ескертті.