Жетісу ауданында өнеркәсіп көлемі 14,4%-ға, салық түсімі 11%-ға артты
Шаһардың негізгі өнеркәсіп пен сауда орталығының бірі ретіндегі Жетісу ауданының мәртебесі нығайып келеді. 2025 жылдың алғашқы бес айында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14,4%-ға өсіп, 161,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткішке аудандағы 572 кәсіпорынның белсенді қызметінің арқасында қол жетіп отыр. Оның ішінде 52-сі – ірі және орта, 520-сы – шағын кәсіпорын. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева осылай деді.