Жол ережесінде алматылықтарды қандай өзгеріс күтіп тұр
Алматыда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін кешенді іс-шаралар қолға алынды: 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін электрсамокатты пайдалануға толық тыйым салынып, операторларға көлікті көшеден алып тастау міндеттелді. Сонымен қатар полиция жүргізушілерден бастап жаяу жүргіншілер мен көліктің балама түрімен жүретіндерге дейін барлығына бақылауды күшейтпек.