Алматы UN Tourism ұйымының «Central Stage» жаһандық бастамасы аясындағы басты алаңдардың біріне айналады
Алматы 22–23 қазан күндері туризм саласындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған алғашқы Өңірлік БҰҰ конференциясын қабылдайды. Іс-шара БҰҰ Туризм ұйымы (UN Tourism), Алматы қаласы әкімдігі және Almaty Tourism Bureau бірлесіп ұйымдастырып отырған «Central Stage» жаһандық бастамасының аясында өтеді.