Ғашықтар күні қарсаңында Freedom Media онлайн-кинотеатрында «Махаббат химиясы» атты жаңа ойын-сауық шоуы жарық көрді. Бұл - танымал жұптар өз сезімдерінің беріктігін және бір-бірін қаншалықты жақсы танитынын көпшілік алдында сынайтын ерекше жоба.
Қатысушылар серіктесінің жеке өмірі, әдеттері мен қалауы туралы ашық сұрақтарға жауап береді. Алайда бәрі сіз ойлағандай оңай емес. Тоқтың әсері, шегірткеге толы жәшік және басқа да күтпеген кедергілер олардың ойын жинақтауға мүмкіндік бермейді. Әрбір қате жауап қатысушыларды біртіндеп балшыққа батырып, олардың төзімі мен сенімін шынайы сынақтан өткізеді.
Шоу барысында кәсіби психолог жұптардың әрекеттерін мұқият бақылап, олардың жауаптарының астарында қандай эмоциялар жатқанын талдап, түсіндіріп отырады.
Жоба қатысушылары
Жүргізуші және сарапшы
Бағдарламаның әр бөлімін Серік Акишев жүргізеді. Ол бағдарламаны еркін жүргізіп, әзілді де, тартысты сәттерді де орнымен үйлестіреді. Қызықты әрі өткір сұрақтар қойып, көрерменнің назарын үнемі ұстап отырады.
Жобаның сарапшысы - психолог Шахида Исмаилова. Ол жұптардың жауаптары мен іс-әрекеттерін кәсіби түрде талдап, олардың қандай сезімде болғанын және қарым-қатынаста не болып жатқанын қарапайым тілмен түсіндіріп береді.
Жұлдызды жұптары (бөлімдер бойынша)
Шоудың алғашқы бөлімінде сынақтан Роман Миронов пен Диана Шарапова өтеді.
Екінші бөлімде - Рамазан мен Арайлым Малгаждар.
Үшінші бөлімде - Ерболат Әлқожа мен Бахытжамал Камбарбекова.
Төртінші бөлімде - Алтай Алипкаиро пен Эльмира Мадияр.
Ал бесінші бөлімде, жаңа жүргізуші Ринат Сафаргуловпен бірге, Динара Бақтыбаева мен Арман Айтасов қатысады.
«Махаббат химиясы» - жай ғана ойын-сауық шоуы емес. Бұл — күйзеліс, шынайылық және эмоциялардың тіпті ең танымал жұптардың қарым-қатынасына қалай әсер ететінін көрсететін әлеуметтік тәжірибе.
Шоудың барлық бөлімдерін Freedom SuperApp қосымшасындағы онлайн-кинотеатрдан тамашалауға болады.