2026 жылдың 7 маусымында 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта жыл сайынғы Minimarathon.Kz. Bala Run жазғы старты өткізіледі. Жүгіру жарысына 2000 жуық адам қатысады деп күтіліп отыр.

2026 жылдың 7 маусымында Алматыда жыл сайынғы Minimarathon.Kz. Bala Run отбасылық жүгіру жарысы өтеді – бұл балалар, ата-аналар, командалар мен белсенді өмір салтын таңдайтын барша адамдарға арналған спорт мерекесі. 

Іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта өтеді және әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі қатысушыларды біріктіреді. Жарыстың негізгі идеясы – спорттың қолжетімділігін, көңілді екендігін мен баршаны біріктіре алатынын, әрі өмірдегі алғашқы үлкен старттар шынымен де кішкентай жарыстардан басталатынын көрсету.

Minimarathon.Kz. Bala Run – бұл классикалық мағынадағы жарыс емес. Мұнда жеңілгендер мен жеңімпаздар да жоқ, тұғырлар мен нәтижені қуалау да жоқ. Оқиға ортасында – балалар, отбасы, қолдау, қозғалыс, эмоциялар мен жүгіруге деген махаббат.

«Біз үшін Bala Run – бұл ең алдымен отбасы, спорт және балалар энергиясының мерекесі. Біз әрбір баланың өз алғашқы стартынан нағыз қуанышты сезінгенін, ал ата-анасының осы маңызды сәтіне ортақтасқанын қалаймыз. Қатысушының қандай қашықтықтан өтетіні маңызды емес – бұл тұста оның белсенді әрі салауатты өмірге алғашқы қадам жасағаны маңызды», - деп көрсетті Minimarathon.Kz ұйымдастырушылары.

Іс-шара өтетін күні қатысушылар мен қонақтар үшін старттық қалашық жұмыс істейді. Алаңда тамақтану аймағы, аниматорлар, аквагримерлер, әріптестер ұсынған интерактивті аймақтар, DJ-сет, мәре сызығындағы жағымды комплименттер мен мерекелік бағдарлама қарастырылған. Іс-шараның жүргізушісі – Сабыр Байзақов. Биыл отбасылық формат пен инклюзивті қатысуға ерекше назар аударылған. Бағдарлама балаларға арналған қашықтықтарды, скандинавиялық жүріс пен 4,2 км құрайтын командалық-отбасылық жүгіру жарысын қамтиды.

«Біз бұқаралық спорттың күрделі нормативтерден емес, қолдау атмосферасынан бастау алатынына сенімдіміз. Бала сөре сызығына ата-анасымен бірге шыққанда, отбасы бірге жүгірген кезде, әрбір мәреші медальға ие болғанда – бұл бала кезден спортқа деген дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады. Bala Run дәл осы үшін жасалған», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жүгіру жарысының мақсаты:

  • балалар мен ересектер арасында бұқаралық спортты насихаттау;
  • отбасымен бірге белсенді және салауатты өмір салтын дәріптеу;
  • ұлтты сауықтыру бойынша бағдарламаны қолдау;
  • балалар мен ересектерге арналған қолжетімді және тату спорт ортасын құру.

Қашықтықтар мен жас санаттары:

  • 2 – 3 жас, еріп жүретін адаммен бірге - 100 м, старттық жарна - 1000 теңге;
  • 4–5 жас - 300 м, старттық жарна - 1000 теңге;
  • 6–9 жас - 500 м, старттық жарна - 1500 теңге;
  • 10–15 жас - 1 км, старттық жарна - 1500 теңге;
  • инклюзивті старт, балалар - 700 м, қатысу тегін;
  • скандинавиялық жүріс - 4,2 км, старттық жарна - 2000 теңге;
  • командалық /отбасылық жарыс, 2 адам - 4,2 км, старттық жарна - 2000 теңге;
  • командалық /отбасылық жарыс, 3 адам - 4,2 км, старттық жарна - 3000 теңге;
  • командалық /отбасылық жарыс, 4 адам - 4,2 км, старттық жарна - 4000 теңге;
  • командалық /отбасылық жарыс, 5 адам - 4,2 км, старттық жарна - 5000 теңге.

Әрбір мәреші жүгіру жарысының естелік медаліне ие болады. Сонымен бірге қатысушыларды іс-шараның әріптестері атынан сыйлықтар күтеді.

Шараның таймингі:

07:00 – старттық қалашықтың ашылуы

07:30 – жүргізушінің амандасуы

07:50 – 2-3 жастағы балаларға (ата-аналармен бірге) арналған сергіту жаттығулары

08:00 – старт 100м 1-ші жүгіру жарысы

08:03 – старт 100м 2-ші жүгіру жарысы

08:06 – старт 100м 3-ші жүгіру жарысы

08:09 – старт 100м 4-ші жүгіру жарысы

08:12 – старт 100м 5-ші жүгіру жарысы

08:15 – старт 100м 6-шы жүгіру жарысы

08:20 – 300 м, 500 м, 700 м (инклюзия) қашытықтарына арналған сергіту жаттығулары

08:30 – старт 300м (4-5 жас, қыздар)

08:35 – старт 300м (4-5 жас, ұлдар)

08:50 – старт 500м (6-7 жас, қыздар)

08:57 – старт 500м (6-7 жас, ұлдар)

09:10 – старт 500м (8-9 жас, қыздар)

09:17 – старт 500м (8-9 жас, ұлдар)

09:35 – старт 700 м (ерекше мұқтаждықтары бар балалар)

09:50 – 1 км қашықтығы алдындағы сергіту жаттығулары

10:00 – старт 1км (10-12 жас, қыздар)

10:10 – старт 1км (10-12 жас, ұлдар)

10:20 – старт 1км (13-15 жас, қыздар)

10:30 – старт 1км (13-15 жас, ұлдар)

10:40 – 4,2 км қашықтығы (командалар) мен скандинавтарға арналған сергіту жаттығулары 

10:50 – командалық-отбасылық старт 4,2 км

12:00 - старттық қалашықтың жабылуы

Қатысушыларды тіркеу мына сайт арқылы жүріп жатыр: https://minimarathon.kz/ru/

Старттық жиынтықтарды тарату 2026 ж. 5 және 6 маусымында Forum СОО-да жүзеге асырылады.

Өтетін күні: 2026 жылдың 7 маусымы

Орны: 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақ


Қатысушылардың болжалды саны: 2000 адам