Коронавирус індетін вакцина алу арқылы тоқтатуға болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты. Бүгінде мегаполисте 316 407 адам вакцина алды.
Ж. Бекшин атап өткендей, Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина салдыру қауіпті аймақтан басталды: медицина қызметкерлері, учаскелік полиция, әкімдік қызметкерлері, коммуналдық қызмет, қоғамдық тамақтану орындары, сауда қызметкерлері екпе салдырды.
"Өткен кезеңде 316 407 адам вакцина алды, бұл қала халқының 16%-ын құрайды, ауырып жазылған адамдар 5%, соның арқасында 21%-дық ұжымдық иммунитет қалыптасты", - деді Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері.
Жалпы,вакцинаны 60 жастан асқан 32 758 немесе 12%-дан астам адам салдырды.
Ж. Бекшин қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды, өйткені бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін маңызды. Ол күзге қарай ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина науқанын қолдауға шақырды.
"Бұл өзіңе, жақындарыңа деген жауапкершілік. Әркімнің екпе алуы маңызды. Бірқатар адамдар ауруға төзбейді, олардың денсаулығы. сақтау бізге байланысты", - деді Ж. Бекшин.
Еске салсақ, Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар.