“Astana Hub” Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп "Smart City" тұжырымдамасы бойынша қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптар үшін акселерация бағдарламасын іске қосты. "Astana Hub" АT-стартаптар халықаралық технопаркінің бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Талғат Бакушев Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында цифрландыру жобасы туралы айтты.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 9 маусымда өткен кезекті тікелей эфир барысында цифрландыру тетіктерінсіз мегаполисті басқару мүмкін еместігін айтты.

Әкімнің айтуынша, Алматы – өңірдегі инновациялық технологиялар орталығы, мұнда 2622 АТ-компаниялар (ҚР-ның 40%) орналасқан, электронды сауда көлемі 551 млрд. теңгеге жетеді. Еліміздің әрбір екінші АТ-маманы Алматыда тұрады және қала тұрғындарының 95%-ы онлайн-сервистерді пайдаланады.

Smart city немесе "Ақылды қала" бастамасы аясында қалалық ресурстар мен қызметтерді басқаруды жетілдіру бойынша жұмыстар жүруде.

Онлайн-брифинг барысында Талғат Бакушев әзірленген акселерация бағдарламасы стартаптарды қолдауға бағытталғанын әрі қаланың инфрақұрылымының дамуына әсер ететін айтты.

Жоба идеясы өткен жылы 65 компаниялармен арадағы ынтымақтастықтан соң пайда болды, олардың 32-сі стартаптар. Алматыда жас мамандармен бірге АТ-жобалардың бірнеше қосымшалары КВИ-19 індетіне қатысты проблемаларды шешуге ойдағыдай ықпал етті. Осылайша, қолайлы қалалық ортаны құруға бағытталған “Smart City Accelerator” жобасы пайда болды.

"Біздің жаһандық мақсатымыз, қалалық өзекті мәселелерді жоя отырып, жаңа цифрлық өнімдер пайда болатын бизнес ортаны құру", - деп атап өтті Талғат Бакушев.

"Astana Hub" стартаптар мен әкімдік арасындағы нұсқаулықтың бір түрі. Бізге қала бойынша тиімді АТ-шешімдерді енгізетін жобалар қажет. Жобалардан кейін 4 ай ішінде стартаптардың шешімдері қала әкімшілігімен келісімшартқа отыруға және өз жобаларын бүкіл қала бойынша енгізуге дайын болатындай деңгейге дейін жетілдіреді.

Бүгінде біздің бағдарламаға кәсіби командалардан, оның ішінде шетелдік компаниялардан 12 пікір келіп түсті.

Ұсыныстар мен стартаптар қаланың қауіпсіздігі, ТКШ, денсаулық сақтау, туризм индустриясы, ақпараттандыру, білім беру, көлік, қаланы, үйлерді басқару, экология, энергетика, құрылыс салалары бойынша бағыттайды.

"Ең перспективалы және іске асыруға дайын жобалар Алматы қаласы әкімдігі тарапынан өзара тиімді ұсынысқа ие болуы мүмкін", – деді Талғат Бакушев.

Ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін әлеуетті компаниялардан өтінімдер қабылдайды. Бағдарламаның өзі 3 айға (25 шілдеден 25 қазанға дейін) созылады.