Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында динамикалық өсу байқалады.
Мысалы, Алматыда сусындар өндірісінің көлемі 4%-ға дейін, қағаз және қағаз өнімдері 21%-ға дейін, резеңке мен пластмасса бұйымдары 79,2%-ға дейін, металл емес басқа минералды өнімдер 27,4%-ға дейін, дайын металл бұйымдары 92,3%-ға дейін ұлғайды.
І. Өсеров қаланың Индустриялды аймағында "Хюндай" зауыты ашылғанын, оның өткен жылы 6,5 мыңнан астам автокөлік шығарғанын хабарлады. 2021 жылдың басынан бері 9,7 мыңнан астам автомобиль шығарылды. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыда машина жасау көлемі 5 есеге жуық өсті.
Полиграфиялық қызмет 25,6%-ға дейін, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп 60,5%-ға дейін жоғары өсу қарқынын көрсетті.
Ілияс Өсеров Алматының сауда саласында да көшбасшы екенін айтты.
"Қала елдің бөлшек сауда айналымының 31,6% және көтерме сауда айналымының 40,5% құрады. Бөлшек саудада кең ассортименттегі тауарлар сатылымының 48,7%-ға, киім мен аяқ киімнің 4,8%-ға, автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің 4,5%-ға, құрылыс материалдарының 4,9%-ға, компьютерлердің 9,8%-ға, фармөнімдердің 9,3%-ға өскенін айтты", - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары І. Өсеров.
Көтерме саудада дизель отынын сату 1%-ға, автомобильдерді сату 3,1%-ға, құрылыс материалдарын сату 3,3%-ға, кең ассортиментті тауарларды сату 19,1%-ға ұлғайды. І. Өсеровтің пікірінше, бұл сала біртіндеп қалпына келуде әрі 52 көтерме-бөлшек базарлары модернизацияланды.