Алматыда «Дельта» үнді штаммының айналымы салдарынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде. Алматы «қызыл аймақта». Мегаполисте қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында адамдардың көп жиналуын және қайта жұқтыруды болдырмау үшін шектеу шаралары күшейтілді. Мониторинг топтар өз кезегінде шектеулердің сақталуын бақылайтын болады.

Жұқтырудың алдын алу тетігін жетілдіру аясында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Қалалық штаб қалалық прокуратурамен және «Атамекеннің» өңірлік палатасымен бірге мониторинг топтарының жұмысын цифрлық форматқа көшіру туралы шешім қабылдады.

Алматыда мониторинг топтарының жұмысын цифрландыру жұмыс қорытындысы туралы мәліметтерді өңдеу мен тіркеу сапасын жақсартады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша мониторинг топтарын бақылау модулі мониторинг топтарының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға және өзекті талдауларды енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, тексерушілердің қай нысандарға жиі баратыны, рейдтік бағыттар режимінің сақталуы және т.б. туралы ақпарат қолжетімді болады. Сонымен қатар, мегаполис прокуратурасында атап өткендей, мониторинг топтарының жұмысы тек осы модульді қолданған кезде ғана заңды болады.

Енді мониторинг топтарының кәсіпкерлерге келуі дереу жазылатын болады, базаның өзі электронды жазбаларды жүргізеді. Платформа мониторинг нысанының мекенжайын жайын автоматты түрде анықтайды. Кәсіпкердің қатысуымен барлық идентификацияланған тәртіп бұзушылығы, қабылданған шаралар көрсетілімі жазылған шаблон толтырылады.

Еске салсақ, мониторинг топтары бизнес субъектілерін бес талап бойынша тексереді:

  • жұмыс режимін сақтау;
  • көптеген адамдармен іс-шаралар өткізу;
  • әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
  • бетперде режимін сақтау;
  • келушілер санының лимитін сақтау.

Мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерінің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлер прокуратураға 8-701-775-55-00 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Алматыда 40 мониторинг топтары қарқынды жұмыс жасауда. Мәселен, жыл басынан бері 3195 тексеру жүргізілді, 30 279 нысан қамтылды, карантин шараларын бұзған 2682 нысан анықталды. Жеке және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 350 млн теңгеден асатын 4730 хаттама толтырылды. Соттарға 75 материал жіберілді (462-бап, 3-бөлім және 425-бап, 1-бөлім бойынша), оның ішінде 64 материал бойынша шешімдер қабылданды. Өткен аптада 12-17 шілде аралығында 829 нысанның карантин шараларын сақтауы тексерілді, 78 нысанның бұзушылығы анықталды. Демалыс күндері, 16-18 шілде аралығында Алматы қаласы бойынша 27 заңды тұлғаның заң бұзғаны белгілі болды.