Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы онлайн-презентация кезінде Алатау ауданының жаңа шағын аудандарындағы инженерлік коммуникациялар құрылысының қарқыны туралы хабарлады.

Алатау ауданында 88,9 км сумен жабдықтау желілері (Әйгерім 1-2, Алғабас, Боралдай, Қарасу, Теректі, Шаңырақ-1 шағын аудандары) салынады.

73,7 км су бұру желілері (Әйгерім 1-2, Алғабас, Боралдай, Қарасу, Өжет, Теректі, Шаңырақ-1, Шапағат шағын аудандары) салынады.

Өткен жылы «Шапағат», «Өжет», «Самғау» (шығыс бөлігі), «Ақбұлақ» шағын аудандарында 70,5 км су құбыры және 53,9 км су бұру желілері салынды. 18,6 мың адам тұратын 4345 үй жаңа желілерге қосылды.

Ағымдағы жылы Қарасу, Алғабас, Боралдай, Шаңырақ-1, Ұлжан-1, Әйгерім шағын аудандарында 83,4 км су құбыры және 70,2 км су бұру желілерінің құрылысы жоспарланған.

Сонымен бірге, Жетісу ауданында биыл 30,9 мың адам сумен жабдықтаудың жаңа желілеріне қосылады. Олар 9 688 үйде тұрады. 2022-2023 жж. Кемел шағын ауданындағы 6300 үйде тұратын тағы 22,8 мың тұрғын сумен жабдықтауға қосылады.

Өткен жылы Райымбек даңғылының солтүстігіне, Казаков көшесінің батысына қарай - Бродский, Рысқұлов даңғылының оңтүстігіне, Сокпақбаев көшесінің шығысына қарай 23,1 км сумен жабдықтау және 10,1 км кәріз желілері салынды.

Кемел шағын ауданында (батыс жағы) ұзындығы 78,85 км болатын желілерді салудың ЖСҚ жасалды, оның 60,4 км сумен жабдықтаудың және 18,4 км кәріз желілері.