Алматы халқының иммундық қабат жеткілікті мөлшерде қалыптасқан жоқ. Бүгінде ол 40%-ды құрайды. Вакцина қарқынының жеткіліксіздігі және науқастар санының артуы салдарынан қалада карантиндік шаралар күшейтілді. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте аталған шектеулердің неден туындағанын түсіндірді.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған. Өткен тәулікте мегаполисте 1 080 жұқтыру жағдайы тіркелді.
"Мұндай өсім денсаулық сақтау жүйесіне, медицина қызметкерлеріне қиындық тудырады. Өйткені иммундық қабат әлі де жетілмеген. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін бізге халықтың 70% вакцина алу қажет. Бүгінде біздегі мәлімет бойынша иммундық қабат 40%-ды құрайды. Коронавирустың таралуы иммундалмаған және ауырмаған азаматтар арасында жүріп жатыр", – деді Ж. Бекшин.
Алматының бас санитарлық дәрігері вирус жұқтырғандардың өсуі "дельта" коронавирус нұсқасының таралуынан деді. Бұл штамм өте жұқпалы әрі ауыр клиникалық көріністерді тудырады.
"Соңғы аптада "симптомдық" науқастардың үлес салмағының 88%-дан 90%-ға дейін өсуі байқалды. КВИ аурушаңдығы 1,4 есе өсті, тәуліктік өсім 1%-дан асты. Бұл аса қатаң шектеу шараларын енгізуді талап ететін қоғамда КВИ таралуының өсу қарқынын көрсетеді", – деді Ж. Бекшин.
Брифинг барысында мегаполистің бас санитарлық дәрігері алматылықтарды екпе алуға шақырды. Себебі екпелердің тиімділігі 90%-дан асады.
"Біз қайтадан ауырған азаматтарға мониторинг жүргіземіз. Бүгінде бізде вакцинаның толық циклынан кейін 178 адам ауырып қалды. Себебі барлық вакциналар жүз пайыз қорғауды қамтамасыз етпейді және дененің де ерекшеліктерін ескеру қажет. Біз ауырып сауыққандарға 6 айдан кейін вакцинадан өтуді ұсынамыз. Бұл иммунитетті күшейтеді", – деді Ж. Бекшин.
Бас санитарлық дәрігер дельта штамының жұқпалы болуы бұрын "британдық" коронавирус штамынан әлдеқайда жоғары екенін айтты.
"Егер өткен жылы негізгі “Ухань” штамы симптомдардың 50%-на дейін берілсе, “Британдық" штамм бойынша симптомдар 60%-ға дейін өсті. "Дельта" белгілері 88-90%-ды құрайды. Инфекциялық стационарлардың жағдайы күрделі. Осыған байланысты біз инфекцияны болдырмауға мүмкіндік беретін жаңа қаулы қабылдадық", – деп түсіндірді Ж. Бекшин.
Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысы қала тұрғындарын бетперде режимін сақтауға, бұқаралық іс-шараларға қатыспауға шақырды.