Бүгінгі таңда Алматы облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 264 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны бар, олардың 193-і ұлттық стандарт талаптарына сай келеді (73%).
2021 жылы Алматы облысында 4 жаңа жол бойындағы қызмет көрсету нысаны тұрғызылды:
- «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 125 шақырымында екі жақтан - D категориялы 2 нысан (абаттандырылған дәретханасы бар ЖҚС);
- «Алматы-Көкпек-Чунджа-Көктал-Қорғас» автожолының оң жағында 131 және сол жағында 165 шақырымында - С категориялы 2 нысан (абаттандырылған дәретханасы бар кафе).
Жаңа жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу бойынша инвесторларды тарту үшін демалыс алаңдарының жанында ҚАЖ тарапынан болатын қолдау шаралары анықталды:
- қоқысты шығару;
- суды жеткізу;
- әжетқұдықты тазарту;
- демалыс алаңдарын жөндеу;
- жол белгілерін орнату;
- демалыс орындарының жанынан жер телімдерін бөлуді келісу;
- реконструкция учаскелерінде орын таңдау (демалыс алаңдарын жылжыту);
- қолданыстағы электр желілеріне қосылу.
Әлеуетті инвесторлармен тиімді серіктестік үшін жүйелі жұмыс ретке келтірілді.
Алматы облысы әкімінің 2017 жылғы 15 наурыздағы No 31-р о/д өкімімен халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту бойынша жұмыс тобы құрылған. Қолданыстағы және жаңа объектілер зерттелгеннен кейін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытудың өңірлік іс-шаралар жоспары жетілдірілді.
«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» учаскесін реконструкциялау аясында (Алматы облысы 287-615 км) Алматы облысы әкімдігімен келісілген 19 демалыс орнының құрылысы жоспарланған, соның 12 алаңында абаттандырылған дәретханалар болады (323 шақырымда сол және оң жағынан, 386 шақырымда оң жағынан, 387 шақырымда сол жағынан, 410 шақырымда сол жағынан, 472 шақырымда сол және оң жағынан, 507 шақырымда оң жағынан, 527 шақырымда оң жағынан, 528 шақырымда сол жағынан, 585 шақырымда оң жағынан және 586 шақырымда сол жағынан қойылады).
Автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде күрделі емес модульдік ғимараттарды орнатуға арналған демалыс орындарын бөлу үшін 15 модульдік павильонды орнату бойынша сақтау жауапкершілігі туралы келісімдер әзірленіп, қол қойылған.
Сонымен бірге, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы биыл өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 17 демалыс орындарын жайластыруды көздеп отыр. Ұңғымаларды бұрғылау, дәретханаға арналған сыртқы жарықтандыру мен септиктерді орнату бойынша жұмыстар жасалмақ.
«Дөңгелек үстел» қағидаты бойынша мүдделі кәсіпкерлермен кездесулер (онлайн режимінде) ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Алматы облысының көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірге жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын Ұлттық стандарт талаптарына келтіру бойынша тексерулер өткізілуде.
Филиал жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту бойынша жұмысты ұдайы жүргізіп отырады.