Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполиске қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы туралы айтты. COVID-19 дертінің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасына, қыр күйектің басында күтілуде.
Ж. Бекшиннің айтуынша, вакцина індеттің күрделі кезеңінен өтуге көмектеседі. Сондай-ақ Алматыда ағзаны індеттен қорғайтын толық вакцина желісі бар.
"Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығуда. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ жағдайының тіркелуі 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті, тәуліктік өсім 1,5%-ды құрады. 23 шілдеден бастап КВИ-дің күнделікті тіркеуі 1 мыңнан асты және қазірдің өзінде 1 450-ді құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді", – деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.
Ж. Бекшиннің айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдайдың нақты болжамы 27,5 мың, ал іс жүзінде 2 мың жағдайды құрайды.
"Алматыда COVID-19 кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында қыркүйек айының басында төмендейді деп күтілуде. Тамыз айында 34,5 мың жағдай, қыркүйекте 4,5 мың жағдай болады деп болжануда. 7 күн ішінде "симптомдық" науқастардың үлес салмағының артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты, бұл СOVID-19 айналымдағы қоздырғыштары арасында дельта нұсқасының таралуына апогейдің жақында жеткенін көрсетеді", –деді Ж. Бекшин.