Бүгінде 4 ақылы учаске бар: Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас, Алматы – Қапшағай.
Жалпы ұзындығы 682 шақырым.
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесі республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы І-а категориялы, ұзындығы 211 шақырымды құрайтын «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 18 шақырымы + 772 –230 шақырымы + 250. (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 ж. №331 «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы);
6 жолақты қозғалыспен 2013 жылғы 31 мамырда қолданысқа берілді.
Ақылы жол бастапқыдан француздық «G.E.A» компаниясының автоматтандырылған құралдармен және бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған болатын. Қазіргі таңда ақылы учаскеде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандарымен әзірленген қазақстандық бағдарламалық қамсыздандыру жұмыс істеп жатыр.
Ақылылық жүйесін енгізген мердігер ұйым – «ЭнергоРемСервис Алатау» ЖШС.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, біз будандық (аралас) жүйесін таңдадық. Төлем ақы алу пункттерінде жүргізіледі, қалалар арасындағы жолды пайдаланатын көлік құралдарынан ақы аймақтардың шекарасында орналасқан бақылау аркалары арқылы алынады.
Ақы жинау пункттерінде 31 қызметкер жұмылдырылған.
2015 жылы ақы алу пункттерінің әрқайсысында қолма-қол ақшасыз төлем арқылы саяхаттау үшін 1 жолақ бөлінді. Бұл қолма-қол ақшасыз төлем түрлерін пайдаланушылардың артуына әкелді.
«Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесі республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы І-а категориялы, ұзындығы 134 шақырымды құрайтын Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы автомобиль жолының 1291 шақырымы + 335 –1425 шақырымы + 422 (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.12.2018 ж. №902 «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы);
8 жолақты қозғалыспен 2019 жылғы 26 қаңтарда пайдалануға енгізілді.
Ақылылық жүйесін енгізген мердігер ұйым – «ДаулетДорСтрой» ЖШС.
Ақылы автожол автоматтандырылған құралмен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандарымен әзірленген KAZTOLL қазақстандық бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, біз будандық (аралас) жүйесін таңдадық. Төлем ақы алу пункттерінде жүргізіледі, қалалар арасындағы жолды пайдаланатын көлік құралдарынан ақы аймақтардың шекарасында орналасқан бақылау аркалары арқылы алынады.
Ақы жинау пункттерінде 36 қызметкер жұмылдырылған.
«Алматы-Қорғас» учаскесі республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы І-б категориялы, ұзындығы 295 шақырымды құрайтын «Алматы-Шелек-Қорғас» автомобиль жолының 25 шақырымы + 800 – 320 шақырымы + 800. (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.12.2018 ж. №903 «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы);
8 жолақты қозғалыспен пайдалануға 2019 жылғы 26 қаңтарда енгізілді.
Ақылылық жүйесін енгізген мердігер ұйым – «Нортекс-груп» ЖШС.
Ақылы автожол бастапқыда автоматтандырылған құралмен жабдықталып, Ресей Федерациясының бағдарламалық жасақтамасымен біріктірілген болатын.
Бүгінгі таңда автоматтандырылған құралмен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандарымен әзірленген KAZTOLL қазақстандық бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, біз будандық (аралас) жүйесін таңдадық. Төлем ақы алу пункттерінде жүргізіледі, қалалар арасындағы жолды пайдаланатын көлік құралдарынан ақы аймақтардың шекарасында орналасқан бақылау аркалары арқылы алынады.
Ақы жинау пункттерінде 30 қызметкер жұмылдырылған.
«Алматы-Қапшағай» учаскесі республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы І-а категориялы, ұзындығы 42 шақырымды құрайтын «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының 25 шақырымы + 045 – 67 шақырымы + 000. (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.12.2018 ж. №904 «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы);
12 жолақты қозғалыспен 2019 жылғы 26 қаңтарда қолданысқа берілді.
Ақылылық жүйесін енгізген мердігер ұйым – «ДаулетДорСтрой» ЖШС.
Ақылы автожол автоматтандырылған құралмен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандарымен әзірленген KAZTOLL қазақстандық бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, біз будандық (аралас) жүйесін таңдадық. Төлем ақы алу пункттерінде жүргізіледі, қалалар арасындағы жолды пайдаланатын көлік құралдарынан ақы аймақтардың шекарасында орналасқан бақылау аркалары арқылы алынады.
Ақы жинау пункттерінде 23 қызметкер жұмылдырылған.
«Автомобиль жолдары туралы» ҚРЗ 5 бабы 5 тармағына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдарындағы (учаскелеріндегі) ақы алудан түскен ақша келесідей шығындарды қаржыландыруға жұмсалады:
- ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп ұстау, ақы жинауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсету;
- төлемдерді жинауға арналған аппараттық-бағдарламалық жүйелерді енгізу және орнату мақсатында тартылған инвестициялардың қайтарымы;
- автомобиль жолдарындағы (учаскелеріндегі) ақылы қозғалысты ұйымдастыру;
- ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп ұстауға арналған жол-техникалық жабдықты сатып алу және техникалық қызмет көрсету.
Жиындар бойынша анықтама
Тәуліктік орташа қарқындылық
2020 жыл
- Нұр-Сұлтан – Щучинск учаскесі – 7 219 КҚ.
- Нұр-Сұлтан – Теміртау учаскесі – 8 076 КҚ.
- Алматы – Қорғас учаскесі – 5 408 КҚ.
- Алматы – Қапшағай учаскесі – 8 449 КҚ.