Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері күніне 1,5 мыңға жуық коронавирус жұқтырған жағдайдың тіркелетінін айтты.
«Бұл жағдай 28 шілдеден бастап сақталуда, 15 тамызда 22 800 жағдай тіркелді. Тамызда 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері - 105,6 мың жағдай тіркелді», - деді Ж. Бекшин.
Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысы соңғы аптада алдыңғысымен салыстырғанда «симптомды» науқастар үлесінің 93%-дан 94%-ға дейін өскенін атап өтті.
Ж. Бекшин Алматы тұрғындарын қауіпті инфекцияға қарсы бірігуге шақырды.
«Мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскаларды дұрыс тғауға және оларды жиі ауыстыруға және вакциналануға шақырамын», - деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.
Айта кетерлігі, Еуропа қалаларында адамдар вакцианлардың тапшылығынан кезекке тұруға мәжбүр. Ал, Алматыда екпені тіпті сауда орталығының өзінде ақысыз алуға болады. Бірақ бұл мүмкіндікті қала тұрғындарының барлығы бірдей пайдаланбай отыр. Сондықтан жұқтыру бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы алматылықтар арасында - 35,6%, 40-59 жастағылар арасында- 24,2% және 60 жастан асқандар арасында - 23%, барлық жағдайлардың 83%-ын құрайды.
Ж. Бекшин 60 жастан асқандардың жұқтыру деңгейінің 1,5%-ға артқаны және олардың ауыр халде жеткізілетіні және 1 жасқа дейінгі сәбилердің де дерт жұқтыратыны өзін алаңдататынын айтты.