Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» форумында мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау мен ынталандырудың жаңа шараларын хабарлады.
Бақытжан Сағынтаев форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде форумда дәстүрлі форматтағы жұмысты жаңғырту үшін алда тұрған маңызды міндеттердің талқыланғанын атап өтті.
«Бұл міндеттерді тиімді шешуде басты рөл мұғалімдерге тиесілі. Сондықтан жаңа оқу жылында біз мұғалімдерді қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз, бірінші кезекте олардың кәсіби шеберліктерінің өсуін ынталандырамыз», - деп атап өтті мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Онлайн-оқыту тәжірибесі бүгінде мектептердің жаңашылдыққа, инновацияға ашық, өзін үнемі дамытуға және шығармашылық өсуге ұмтылатын мұғалімдер мұқтаж екенін айқын көрсетті.
«Біз мұғалімдерге осындай мүмкіндік бергіміз келеді, сондықтан бүгін біз Н. Назарбаевтың білім Қорымен бірге басты мақсаты цифрлық технологияларды оқыту мен меңгеруді және цифрлық педагогиканың үздік әдістері тәжірибесін үйрететін Digital Ustaz Almaty жаңа байқауының басталғанын хабарлаймыз», - деді Алматы әкімі.
Байқау 3 кезеңде өтеді, олардың әрқайсысына білім беру саласындағы жетекші халықаралық спикерлер вебинарлар мен мастер-класстардың, көшбасшылардың қатысады.
Байқау жеңімпаздары үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал бірінші орын иегері білім тағлымдамасынан өту үшін Лондонға немесе Хельсинкиге барады.
«Мұғалімдерді Digital Ustaz Almaty байқауына белсенді қатысуға шақырамын, осылайша олар біліктіліктерін арттырумен қатар цифрлық дәуірде жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін зерттеуге қадам жасайтын болады», - деп Б. Сағынтаев қаланың педагогика қауымдастығына назар аударды.