Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қалалықтардың коронавирусты жиі жұқтыратын жерлерін атады, сонымен қатар қауіп тобындағыларды атады.

Бүгінде жұқтырудың негізгі бес орны бар, олар: сауда объектілері - 32%, отбасылық байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1%, базарлар - 13%. Жұртшылық азық-түлік базарларында жиі жұқтырады - 9%. Сонымен қатар, қазіргі шектеулі шаралар мен ұжымдық иммунитетінің артуына орай дерттің 2-3%-ға төмендегені байқалады.

«Тұрғындар арасындағы инфекцияларының көбеюінің себептері – бұл әлі де көрінбейтін биологиялық қауіпке байланысты халықтың қырағылығының жалпы төмендеуінен, COVID-19 вирусының «дельта» нұсқасының тез жұғатынынан», - деді мегаполистің бас дәрігері.

Сондай-ақ, Ж. Бекшин бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, заң бұзушылықтардың азаймағанын айтты. Алматының кейбір тұрғындары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарын елемей, той, құдалық, мерейтойлық мерекелер ұйымдастыруды тоқтататар емес. Ж. Бекшин мұндай шаралардың салдарынан қала тұрғындарының өз денсаулықтарына ғана емес, жақындарының өміріне де қауіп төндіретінін тағы да еске салды.

СЭБД басшысы қала тұрғындары вирустың таралу тізбегін құруды жалғастыра отырып, қала маңындағы аудандарда және жалға алынған коттедждерде отбасылық мерекелер өткізетінін айтты.

Жалпы, жұқтыру 20 жастан 39 жасқа дейінгі жастар арасында жоғары - 34%. Бұл олардың үлкен мобильділігіне және иммундау белсенділігінің төмендігіне әрі тығыз байланыста болуына байланысты.

Сөзін қорытындылаған Ж. Бекшин эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылын қалыпты режимде ұйымдастыру үшін Алматыда қолданыстағы шектеу шаралары 31 тамызды қоса алғанға дейін ұзартылғанын атап өтті. Ол алматылықтарды вакцина салдыруға,өздігінен емделмеуге және Ashyq қосымшасын күнделікті өмірде қолдануға шақырды.