Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 5 қалалық стационар өзінің негізгі профилі бойынша жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты.
«Қазір жағдай біртіндеп түзеле бастады, біз ауруханаға жатқызу да тұрақтануда. Сондықтан біз кейбір ауруханаларды жоспарлы жұмысқа қайтара бастаймыз. Осылайша, қалалық ревматология орталығы, тері-венерологиялық диспансері, Б. О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы, «ХАК Медикал» клиникалық ауруханасы, «Astana International» қонақүйі жұмысын бастады», - деп хабарлады Н. Табынбаев.
Қазіргі уақытта стационарларда мамандандырылған дезинфекция жүргізілуде.
«Halyk Arena кешеден бері науқастан толық босатылып, резервке қойылды. Коронавирусты емделушілер шығарылғаннан және санитарлық тазартудан кейін 3-4 күннен кейін Қалалық кардиология орталығы, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ЖШККА) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталы негізгі жұмысын бастайды», - деп жалғастырды Н. Табынбаев.
Коронавирустық жағдайдың түзелуі нәтижесінде инфекциялық төсек қорының бір бөлігін алып тастауға болады. Алматыда ауруханаға жатқызу саны азайды.
«Егер 10 күн бұрын біз күніне 700-ден астам науқасты қалалық ауруханаларға жатқызсақ, қазір бұл сан 378 науқасқа дейін төмендеді. 454 адам ауруханадан шығарылды. Үйде бақыланатын науқастар саны да қысқарды – 14 200-ден 7 446-ға дейін. Қазіргі кезде 3 669 науқас қалалық ауруханаларда ем алады, төсек-орындардың толымдылық деңгейі - 43,1%», - деді Н. Табынбаев.
Интенсивті терапия бөлімшелерінде 331 науқас реанимацияда, 52 науқас ӨЖЖ-аппаратына қосылған.