Алматыда креативті кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Бүгінде мегаполис экономикасы дамуының драйвері шикізат өнеркәсібінен креативті секторға ауысуда. Экономикалық өсудің жаңа сенімді көзіна айналып отырған осы сала туралы Алматының Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев айтты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қ. Сарыбаев креативті өндірістердің экономика үшін құндылығы айқын екенін баса айтты.

«Шығармашылық және нарық. Лондон, Нью-Йорк, Токио, Гонконг, Берлин, Барселона, Мәскеу осы жолмен жүреді. Креативті экономика шағын бизнес пен жұмыспен қамтуға айтарлықтай мүмкіндіктер ұсынады. Бұл икемді, жобаға негізделген, мобильді, жеке дағдыларды қажет етеді», - деді басқарма басшысы.

Қ. Сарыбаев атап өткендей, Қазақстанның ЖІӨ-де креативті индустрияның үлесі Алматы қаласына тиесілі - барлық жұмыспен қамтылғандардың 50%-дан астамы. Ол Мемлекет басшысы елдегі креативті экономиканың маңыздылығына баса назар аударғанын және осы саланы дамытуда Алматы қаласына қолдау көрсететінін қосты.

«Креативті кәсіпқойлар тек креативті индустрияда ғана сұранысқа ие емес. Көптеген дәстүрлі салалардың бәсекеге қабілеттілігі олардың өнімділігіне байланысты. Менің ойымша, Алматы жақын арада жаңа индустриялар мен инновациялардың, «білім экономикасының» орталығына айналады деп ойлаймын, себебі жергілікті атқарушы органдар креатвиті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жүйелі қарым-қатынас орнатуға мүдделі», - деп жалғастырды сөзін Қ. Сарыбаев.

Креативті индустрияны дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, креативті салаға арналған ЭҚЖК-лар анықталды. Бүгінде креативті кәсіпкерлерге «Almaty Finance» және «Алматы МҚҰ» арқылы, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау көрсетіледі.

Креативті индустрияның заманауи инфрақұрылымын қалыптастыру үшін бсқарма «Depo Evolution Park»құруда және бұрынғы тергеу изоляторының базасында Креатвиті индустрия паркінің жобасын әзірлеуде.

«Біздің ведомство кәсіпкерлерді құруды және қолдауды жалғастырады, бұл креативті адамдар мен командаларға өздерін экономикада тез және тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Қ. Сарыбаев.

Сөзінің соңында ол Алматыдағы креативті индустриялар қаланың туристік тартымдылығын арттыратынын айтты.