Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі барысында ұжымдық иммунитеттің өсуі үшін жаппай вакциналанудың басты рөл атқаратынын айтты.

Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал 20 қазаннан бастап 300-ден кем жағдайды тіркей отырып, оптимистік болжам бойынша дамуда.

Пандемия басталғаннан бері Алматыда КВИ-дің 177,2 мың жағдайы тіркелді, ағымдағы жылдың басынан бері – 158,7 мың адам. Дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда бір апта бұрынғы 113,9-дан 89,5-ке дейін және тәуліктік өсім 0,2-ден 0,14-ке дейін төмендеуде. Оның үстіне, инфекцияның берілу индексі 0,98-ден 0,88-ге дейін азаяды.

Алдын ала жүргізілген профилактикалық шаралар КВИ дертінің төмендеуіне ықпал етті. Ең басты тиімді шара – жаппай вакциналану, соның арқасында ұжымдық иммунитеттің артуы байқалады. Бүгінгі күні ол ресми тіркелген халық санының 54,4%-ын құрайды. Халықтың ресми санының 46,5%-ы екі компонентпен вакциналанды, ал жыл басынан бері ауырып жазылған адамдардың 7,9%-ы екпе салдырды.

26 қазанда қалада коронавирустық инфекцияның 230 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 222-ы симптомды жағдай. Инфекциялық стационарларда 1056 адам (28 бала) жатыр, оның ішінде 52-сінің жағдайы өте ауыр, 501-і ауыр, 502-сі орташа ауыр жағдайда. ОРИТ-те 106 пациент бар. ӨЖЖ аппаратында – 24, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 47, High flow - 27 аппараты қолданыста.