Алматыда «Жаңа Алматыны» дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті. Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасыновтың мәліметінше, 2024 жылға қарай ауданда инженерлік желілер мәселесі толығымен шешілетін болады.
Ә. Тоқтасыновтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Алатау ауданындағы 28 655 тұрғын үй, бұл 75% орталық сумен және 25 364 үй немесе 67% су бұрумен қамтамасыз етілген.
«2019-2020 жылдары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша инженерлік желілердің құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Шаңырақ-1, Алғабас, Әйгерім-1,2, Ұлжан-1, Қарасу, Шапағат, Боралдай шағын аудандарында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Теректі, Рахат-Мәдениет шағын аудандарында желілер құрылысына ЖСҚ әзірленді. Боралдай және Шапағат шағынаудандарының үйлеріне дейін жеткізумен тарату желілерінің құрылысына жобаларды әзірлеу басталды», - деп хабарлады Ә. Тоқтасынов.
Саялы, Болашақ, Алғабас, Көк-Қайнар, Шаңырақ-5 және Ақбұлақ шағын аудандарында инженерлік желілер құрылысына ЖСҚ қосымша әзірлеу қажет. Бүгінде ауданда 18 кәріздік сорғы станциясының құрылысы аяқталуға жақын.
Ә. Тоқтасыновтың мәліметінше, барлық жобалар сәтті жүзеге асқан жағдайда 2024 жылға қарай инженерлік желілермен проблемаларды 100 пайыз шешу болжануда.
Алатау ауданы әкімінің орынбасары Өткен жылы «АЖК» инвестициялық бағдарламасы бойынша 10 шағын ауданда электр желілерін қайта құру жүргізілгенін хабарлады. Биыл тағы 13 шағын аудандағы желілер жөнделеді. Қазіргі уақытта Алғабас, Теректі шағын аудандарында және ішінара Шаңырақ-5, Әйгерім-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандарында электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.
Жол желісін дамыту маңызды болып табылады. Ә. Тоқтасыновтың айтуынша, жолдардың сапасы мен қала тұрғындарының мобилділігін арттыру – «Жаңа Алматы» ДКЖ басым бағыттарының бірі.
«2019 және 2020 жылдары Алатау ауданының 13 шағын ауданында жаңа жолдар салынды, олардың жалпы ұзындығы 119 км. Шаңырақ-2, АЗТМ-Алғабас, Томирис, Ұлжан-1,2, Көк-Қайнар, Қарасу және Өжет шағын аудандарында ұзындығы 76 км 101 көше орташа жөнделді», - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.
Биыл Самғау шағын ауданында 4,6 км жол құрылысы аяқталды, Шаңырақ-5-те 6,6 км жол салынды, Өжет шағын ауданында 11,2 км және Алғабас шағын ауданында 31 км-ден астам жол құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Айта кетерлігі, биыл Алғабас шағын ауданында 10 км жаңа жол салынады.
Ә. Тоқтасынов Алатау ауданында 26 көшеде 45 км жолды орташа жөндеу жоспарланғанын атап өтті. Оның ішінде Солтүстік айналым магистралды көшелері бойынша (Бөкейханов көшесінен Жұмабаев көшесіне дейін) – 2,1 км, Рысқұлов даңғылы (Саин көшесінен Емцов көшесіне дейін) – 1,8 км, Рысқұлов даңғылы (Емцов көшесінен Кудерин көшесіне дейін) – 2 км, Боралдай көшесі (Шоссейная көшесінен Боралдай көшесіне дейін) – 2 км, Емцов көшесі (Райымбек даңғылынан Рысқұлов – Емцов даңғылына дейін) – 0,3км. Магистралды көшелер бойынша жалпы ұзындығы – 8,4 км.
Бүгінде ұзындығы 39,3 км 20 көшенің жолдарын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы тізімде Серіков, Кіші Мөңке би, Жаңаарқа, Тайқазан, Халифа Алтай, Карпатская, «Радуга» СТ, Заречная, Иманов, Сеитов, Дайыров, Балпық би, Ғалиева, Қожаберген жырау, Тамғалы, Тәңіртау, Мыңбұлақ, Сүмбіл, Войков, Кисловодская көшелері бар.
Бұдан басқа, ауданда жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы салынуда, сегіз шағын ауданда 20 км астам тротуар салу жұмыстары аяқталды.