Алматыда 2021 жылы және ағымдағы жылдың 1 тоқсанында басқа контрагенттерге салық міндеттемелерін оңтайландыру бойынша заңсыз қызмет көрсеткен 1 507 салық төлеушіні сот тіркеу жарамсыз деп таныды.
Жалған компаниялар бойынша оларды тіркеуді жарамсыз деп тану үшін 1 507 ЗТ бойынша залал сомасы 175,1 млрд.тг. талап-арыз сотқа жіберілді.
Мемлекеттің мүдделерін бұзбайтын осындай заң бұзушылық анықталған кезде Мемлекеттік кірістер органдары сотқа талап арызды бастайды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша МКД басшысы Қанат Баеділов хабарлады.
Әдетте, залал сомасы пайда алушы контрагенттерден, яғни осындай бір күндік фирмалармен байланысқан және олардың айналымдарынан тиісті салықтарды төлеуден жалтару ниеті бар субъектілерден алынады, тұғырыққа келгенде, залал сомасын өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеу арқылы өтеуге мәжбүр болады. Бұдан басқа, мұндай өзара есеп айырысулар тәуекел дәрежесінің санатына әсер ететін болғандықтан, олардың компанияларының беделіне кері әсерін тигізеді.