Оптимизаторларға сомасы 60 млрд. теңге салық талаптары қойылды.
Мәселен, соңғы үш жылда жалған мәмілелер бойынша соттарға жалпы сомасы 60 млрд.теңгеге 990 талап арыз жіберілді. Бұл мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін тек 2022 жылдың 1 тоқсанында 14 млрд.теңге шығын сомасына 155 талап арыз жолданды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша МКД басшысы Қанат Баеділов хабарлады.
Әдетте, залал сомасы пайда алушы контрагенттерден, яғни осындай бір күндік фирмалармен байланысқан және олардың айналымдарынан тиісті салықтарды төлеуден жалтару ниеті бар субъектілерден алынады, тұғырыққа келгенде, залал сомасын өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеу арқылы өтеуге мәжбүр болады. Бұдан басқа, мұндай өзара есеп айырысулар тәуекел дәрежесінің санатына әсер ететін болғандықтан, олардың компанияларының беделіне кері әсерін тигізеді.