Алматыда кедендік құнға бақылауды күшейту нәтижесінде кедендік төлемдердің өсу қарқыны өткен жылға қарағанда айтарлықтай жоғары.
Президент өзінің 2022 жылғы қаңтардағы Жолдауында Үкіметке "кедендік шекарада тәртіп орнату және жосықсыз кәсіпкерлермен күрес бойынша батыл жұмыс жүргізу қажеттігі туралы" тапсырма берді.
Осы тапсырманы орындау үшін Департаментте кадрлық ауыс-түйістер жүргізілді, атап айтқанда, кедендік бағытқа жетекшілік еткен департамент басшысының орынбасары және басқарманың үш басшысы, кеден бекеттерінің басшылары ауыстырылды, кедендік құнға бақылау күшейтілді, кедендік тексеріп қараудың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша МКД басшысы Қанат Баеділов хабарлады.
Осының салдарынан импорт тек 136%- ға өскеніне қарамастан, 2022 жылдың 1 тоқсанында 138 млрд. теңге кедендік төлемдер қамтамасыз етілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 млрд.теңгеге артық, қарқыны 150% - дан астам құрады.