Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская хабарлады. Оның айтуынша, олар арнайы жабдықтармен – газ талдағыштармен және түтін өлшегіштермен жабдықталған. Мамыр айының соңына дейін жаңаларының 9-ы орнатылып, қолданыстағы 10-ы жаңғыртылады.

Барлық экопостарда кезекші эколог-операторлар және Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың міндеті-қоршаған ортаны ластайтын автомобильдерді тоқтату.

«Экологиялық жағдайды жақсарту үшін жүк көлігін, мамандандырылған және құрылыс техникасын пайдаланылған газдардың уыттылығына тексеру күшейтілді», - деді Н.Ливинская.

Спикер көп компонентті газ талдағыштардың көмегімен экологиялық бекеттерде бензин мен газ автомобильдерінің пайдаланылған газдарын көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді бар-жоғын тексеретінін түсіндірді. Дизельді машиналар пайдаланылған газдардың түтіндігіне тексеріледі.

Экобекеттер мен мобильді экопатрульді пайдалану кезінде барлығы 60 мың өлшем бірлігі жасалды. 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың мамырына дейін 2265 автокөлікте шамадан тыс нәтиже тіркелген. Бұзушылық анықталған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде хаттама жасалады.