А.ж. 15 мамырынан 16 мамырына қараған түні белгіленген шектеулердің 7 бұзушылығы анықталды. Анықталғандардың жалпы санынан: 6 нысан мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендерге, 1-уі компьютерлік клубқа жатады.
Анықталған бұзушылықтар арасында:
- Бостандық ауданында «Нино» мейрамханасы жұмыс істеген, онда 80-ге жуық келуші болған.
- Медеу ауданында «Атмосфера» бары жұмыс істеген, онда 80-ге жуық адам болған.
Мониторингтік топтардың өкілдері атап өткендей, айыппұл салынған барларда, мейрамханаларда және компьютерлік клубта келушілер лимиті асып, әлеуметтік қашықтық сақталмаған.
Мысалы, «Атмосфера» барында 80-нен астам адам болды, билеу іс-шаралары ұйымдастырылды. Сыртқы жағынан қарағанда, мекеме жұмыс істемей тұрған, қонақтар қосалқы кіреберіс арқылы жіберілді. Иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Санитарлық нормалар бұзылған «Нино» мейрамханасында мониторингтік топ өкілдері ТЖ қызметін шақырды, өйткені әкімшілік мониторингтік топ жұмысына кедергі келтірді. Эпидемиологиялық талаптарды бұзу, сондай-ақ бұзақылық фактісі бойынша тиісті материалдар жиналды.
А.ж 20 наурызынан 16 мамырына дейін барлығы белгіленген шектеулердің 841бұзушылығы анықталды, оның ішінде:
- Алатау ауданында – 19 ;
- Алмалы ауданында-198;
- Әуезовте-140;
- Бостандық ауданында-137;
- Жетісуда-52;
- Медеу ауданында -149;
- Наурызбай ауданында-50;
- Түрксіб ауданында-91.
Анықталған объектілердің жалпы санынан-589-ы мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендерге, 107-сі компьютерлік клубқа, 16-сы бильярд клубына, 44-і СПА-ға, 28-і саунаға, 2-уі кальян барына, 26-сы караоке клубқа, 1-уі букмекерлік кеңсеге, 20-сы түнгі клубқа жатады. 3 мыңнан астам жеке тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жауапты болуға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырмауға және қатыспауға шақырады. Әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию маңызды. Өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияға оң ПТР бар 591 жағдай анықталды. Естеріңізге сала кетейік, карантиндік шараларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда.