Мүмкіндікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі ғимараттардан үй-жайларды жалға алатын ШОБ өкілдері тиімді пайдалана алады
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.
Еске салсақ, Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 30 маусым аралығында ШОБ өкілдерімен жалдау шарттарына жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізуде.
Рүстем Әлиев қазіргі уақытта сайттың функционалы қайта іске қосылғанын, бұл шағын орта бизнесті жалға алушыларға ҚР аумағында ТЖ әрекет ету кезеңіндегі сияқты жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтінім беруге және қосымша келісімдер жасасуға мүмкіндік беретінін хабарлады. Осы мүмкіндіктің арқасында кәсіпкерлер 256,4 млн теңгеге дейін үнемдеді.
"Ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін жалдау төлемдерін тоқтата тұруға 216 өтінім қабылданып, қаралды", - деді Алматы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев.
Сондай-ақ, спикер Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының сайтында www.gov.kz/memleket/entities/almaty-depfin жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтініш беру туралы толық бейне нұсқаулық бар екенін еске салды.
"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы Telegram қосымшасында виртуалды-кеңесші gosaktivy_bot чат-ботын іске қосты, ол мемлекеттік мүлікті жалға алу бойынша барлық сұрақтарға жауап береді", - деп атап өтті Рүстем Әлиев.
Басқарма басшысы жыл сайын 60 мың шаршы метрден астам мемлекеттік алаң жалға берілетінін хабарлады. Қоғамдық тамақтанудың үлес салмағы (мектеп асханалары) - 39,5%, жеке мектептер мен балабақшалар - 24,54%, нотариустар, ателье, офистер және басқалар - 16,32%, оқыту және спорт секциялары - 9,2%, мемлекеттік мекемелердегі буфеттер мен асханалар – 7,82%, ұялы байланыс операторларының антенналары - 1,14%, ПИК, қызмет көрсетуші компаниялар - 1,02%, банктер, кассалар мен вендинг автоматтары - 0,46% құрайды.
Айта кетейік, өткен жылы 20 наурыздан бастап мемлекеттік активтер басқармасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау және НҚА-ге өзгерістер енгізу аясында жалдау төлемдерін тоқтата тұру үшін шағын және орта бизнес субъектілерімен 1432 қосымша келісім жасады. Бизнестің дағдарысқа қарсы қолдауының арқасында кәсіпкерлер 350 миллионнан астам теңгені үнемдеді. Онлайн-брифинг соңында Рүстем Әлиев Алматы кәсіпкерлерін үнемдеу мүмкіндігін пайдалануға және жақын арада жалға берілетін каникулдарды ресімдеуге шақырды.