Бүгін Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының бастығы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында VII шақырылған қала мәслихатының кезектен тыс VI сессиясында қабылданған жаңа құрылыс ережелерін таныстырды.
Жаңарған талаптар мегаполистегі құрылысты шектейді, ғимараттардың биіктігін және салынатын құрылыстардың тығыздығын анықтайды және инфрақұрылымды дамыту бойынша талаптар қояды.
«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері» әзірленді. Биылғы жылдың 17 ақпанында құжат жобасы Алматының Бас жоспарына енетін түзетулер жобасы бойынша жұмыс тобына қатысушылардың талқылауына ұсынылды. 25 наурызда жоба НҚА порталында жарияланып, көпшілікке ұсынылды», - деді А. Ахмеджанов.
Талқылау барысында қала құрылысы қатысушылардың барлығының пікірлері ескерілді. Сонымен бірге, мегаполис құрылысына қойылатын базалық талаптар сақталды.
Құжаттың мақсаты қаланың сәулеттік-кеңістіктік дамуын құқықтық реттеу болып табылады. Құжат тұрғын аудандар мен шағын аудандардағы халықтың тығыздығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің ұзындығы арақашықтығының аз мөлшерін анықтайды. 3-5 қабатты үйлерде арақашықтық кем дегенде 20 метр, 10-16 қабатты үйлерде кем дегенде 48 метр, ал 17 және одан жоғары қабаттарда 80 метрге дейін өседі.
«Мемлекет басшысының мегаполисті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай Ережеде Алматының бірегей архитектуралық келбетін және әр қалалық үшін жасыл желектердің санын сақтау ерекше орын алады. Бұлар жаңа Ережеде жазылған», - деді А. Ахмеджанов.