Алматының тауларында инфрақұрылым жаңарып, цифрлық шешімдер қолданысқа ене бастады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Халықаралық таулар күніне орай «Алматы тауларының болашағы: экожүйе, қауіпсіздік, экотуризм» атты баспасөз конференциясы өтті. Оған «Қазгидромет» РМК өкілдері, альпинист-құтқарушылар мен Туризм басқармасының инфрақұрылым бөлімінің меңгерушісі Даурен Ерғалиев қатысты.