Алматыдағы архитектура, дизайн және инженерия колледжі 50 мыңға жуық маман даярлады
Архитектура, дизайн және инженерия колледжі (АДИК) Қазақстан Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында құрылыс, архитектура, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өндіріс салаларында жұмысшы кадрларды даярлайтын жетекші білім беру орталықтарының бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында колледж директоры Камал Жамангозов оқу орнының негізгі жетістіктері мен алдағы жоспарларын таныстырды.