Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 370 мыңнан астам алматылық декларациялануға жатады
2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтарының жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кезең-кезеңімен кіруі жүргізілуде. Декларациялаудың келесі кезеңдері кімді қамтып өтетінін ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Заңғар Шындалы атап өтті.