Өңірлік коммуникациялар қызметі еңбек адамдарынан да сұқбат алып тұрады. Сондай адамның бірі – Виктор Демьяненко. Спортта жүргендер бұл кісіні жақсы біледі. Алматыда туып, осы қалада бүкіл ғұмырын өткізген ол атақты спортшы ғана емес, ерік-жігері мықты адам болып та тарихта қалған.

1980 жылғы Олимпиадада Демьяненко жарысты тамаша өткізіп, финалға шығып, ұпай санымен алда келе жатты. Бірақ аяқ асты жарақат алып қалып, төрешілер оған күміс медаль береді сол жолы. Күміс демесеңіз, бұл медаль жанкүйерлері мен мамандар үшін алтынға бергісіз медаль болды. Қазіргі ереже бойынша жекпе-жек жалғасып, Виктор Олимпиада чемпионы атанар еді. Дегенмен, спортшы бұған өтіп кеткен тарих деп қана қарайды екен.

 Виктор Демьяненко зейнетте болғанымен, әлі де тың. Залға келіп жаттығып, жас спортшылармен әзілдесіп тұрады арасында. Өмір көрген адам болғаннан кейін, жастар да одан көрген-білгенін сұрап, ой түйіп, кеңес алып отырады.

«Боксшының мықтылығы күшінде емес, ісінде», - дейді Виктор Демьяненко.

Өзі де осындай еңбекқорлығымен көпшіліктің құрметіне ие болыпты. Бұл кісімен сөйлесіп отырып, Алматы мен Қазақстанның тарихына атын алтын әріппен жазып қалдыратындар осындай адамдар екеніне көз жеткіздім.

Материалды дайындағандар: Лариса Калмағамбетова, Алтынай Телібаева, Алматы қ. ӨКҚ.