Қазақстан Республикасы Прокуратурасы күні қарсаңында, 6 желтоқсанда атап өтілетін мереке алдында біз өз ісіне адалдығымен, кәсіби біліктілігімен көзге түскен, 2024 жылы Алматы қаласының үздік мемлекеттік айыптаушысы ретінде танылған Найля Қанатова туралы баяндамақпыз.

Найля осы мамандығын төрт оқып жүргенде-ақ таңдап қойыпты.

«Бұл бала кездегі арманым ғой. Заңға қызмет етіп, осы саланың маманы болғым келетін үнемі»,- деп бала кездегі арманы екенін айтты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіргеннен кейін Қонаев академиясында магистратурада оқиды. Прокуратура органдарындағы алғашқы төрт жылы Алматының Бас прокуратурасының құқықтық статистика басқармасында өтті, онда ол мәліметтерді талдаумен айналысады.

Бірақ көп ұзамай құқық қорғау органдары академиясындағы оқудан соң Найля Бостандық ауданы прокуратурасына тағайындалып, мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінде қызмет ете бастайды.

Найля жүргізген алғашқы қылмыстық іс ұрлыққа қатысты болды. Сотталушы алты жылға бас бостандығынан айырылады сол кезде.

«Үйге қайтып келе жатқанда, сотталған адамның аты-жөні ойымнан кетпей қойды. Бірақ жаза басқан адам жазасын алуы керек», – деп еске алады Найля.

Қазір Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасында қызмет ететін Найля Қанатова аса ауыр қылмыс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдайды.

Жұмыс істеп жүргенде 3 адамды өмір бойына бас бостандығынан айырыпты, басқа іс бойынша жаза кесілгендер 25 жылға дейін арқалап кеткен екен.

Жастығы болмаса, Найляның кәсіби маман екеніне ешкім күмәнданбайды.

«Тым жас екен, алдай салуға болады-ау деп ойлағандар да болған. Бірақ қалай жұмыс істейтінімді көргенде, көбі осы ойынан айнып қалатын»,- дейді.

Өз ісіне адалдық пен бастаған ісін ешнәрсеге қарамай соңына дейін жеткізе білу - прокурордың ең басты қасиеті екенін айтады Найля Қанатова.

«Бүгін істелетін нәрсені ертеңге қалдырмай, бүгін бітіру керек», – дейді.

Негізгі қызметімен қатар, Найля қоғамдық жұмысқа да белсене қатысады. Ол Алматыдағы мектептерде, колледждер мен университеттерде дәріс оқып, кәмелетке толмай сотталғандар туралы бейнематериалдар түсіріп, елдің құқықтық жүйесі жайлы көрген-білгенін айналасына баяндап отырады.

Үй-іші де оның бар бастамасын қолдап отырады. Күйеуі құқық қорғау органдарында жұмыс істемесе де, оның таңдауын құрметтеп, кәсібіне адалдығын айтып мақтанады. Жеті жасар ұлы да айтқанын екі етпейді.

Прокурордың күнделікті жұмысы поштаны тексеріп, қылмыстық істерді зерделеп, сот процесіне қатысудан басталады.

«Біздің әр күніміз жауапты болудан, тәртіптен басталады», – дейді Найля.

Найля Қанатова қоғамда үлкен дүрбелең тудырған қылмыстық істерге де қатысты. «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің тұрғыны адамды көлігімен қағып кеткенде қозғалған іс – соның бірі. Қылмыстық іс соңына дейін жеткізіліп, сотталушыны сол жолы 22 жылға бас бостандығынан айырады. Тағы бір оқиға - күйеуі қызғаныштан әйелін буындырып өлтіргенде болды. Бұдан бөлек, прокурор алқабилер қатысатын қаншама ауыр қылмыстық істерді жүргізіп, әрқайсысын әділ үкім шығарып аяқтап отырды.

Найляның тарихы – мамандыққа деген сүйіспеншіліктің мемлекеттік айыптауды әділдіктің құралына айналдыратынына мысал бола алады.

Балсұлу Әлекенова, Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі.