Көктемгі демалыс уақытында Алматының 6500-ден астам педагогі біліктілігін арттырды
Алматыда көктемгі демалыс кезеңінде ұйымдастырылған педагогтерге арналған білім беру іс-шараларының циклі аяқталды. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының» директоры Дәурен Сағынғалиев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді.