Экология министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда жылына шамамен 90 мың тонна пластик қалдықтары өндіріледі, оның 3,1 мың тоннасы ( 3,5%) қайта өңделеді.  Жыл сайын шамамен 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық түзіледі.

Қазақстан қаптамашылар қауымдастығы ПЭТ-қалдықтарды қайта өңдеушілердің 90%-ын біріктіре отырып , барлық ПЭТ-қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жұмысты мойындарына алуға дайын.

Батырбек Әубәкіров, "Қазақстан қаптамашылары қауымдастығының" Басқарма төрағасы:

"Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Қазақстанда ПЭТ-қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамытуға жәрдемдесуді сұраймыз. Біздің қауымдастықта ПЭТ-қалдықтарды өңдеу мен оның  тереңдігін арттыру қуаттылығына ие  дайын 14-ке жуық зауыт бар, осылайша ел бюджетіне түсетін түсімдердің ұлғаюына және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал ете аламыз. Қазақстанның қаптамашылар қауымдастығы президент пен үкіметтен барлық облыс әкімдіктеріне Қазақстандағы қайталама шикізатты қайта өңдеушілермен белсенді ынтымақтасуға және осы жұмысты KPI-ге енгізуді , яғни,  осы бағыттағы әрбір облыс әкімінің жұмысын бағалауды сұраймыз. Біз мұны өз бетімізше жасауға тырыстық, бірақ қазіргі уақытта әкімдіктер біздің өтініштерімізді елемей отыр".

Қаптамашылар  қауымдастығының пікірінше, ПЭТ-қалдықтарды, макулатураны, шыныны қазақстандық қайта өңдеушілер қайталама шикізатты  басымдық тәртіппен сатып алуға тиіс. Әкімдіктер қоқыс полигондарына иелік етеді және олардың қолында бұл жұмысты жолға қою өкілеттігі бар.

Бұл салық және  халықты жұмыспен қамту. Сондай-ақ, бұл экспортқа бағдарланған өнімді құру деген сөз. Бірақ бұл үшін мемлекеттік қолдау мен қоқыс реформасы қажет.

2021 жылы ҚҚҚ кәсіпорындарының салық аударымдары 2 млрд. теңгеден асты.

Тұсаукесер


Анықтама үшін:

ПЭТ шикізатының экспорты өсуде. Егер 2020 жылы 114,9 мың АҚШ доллары сомасына 924,7 тонна экспортталса, 2021 жылы  461,2 мың АҚШ доллары сомасына 1 518,4 тоннаны құрады. Бұл алдыңғы  жылдан тиісінше 164,2% - ға және 1,5 есеге артық.

Ағымдағы жылдың 3 айында ПЭТ шикізатының экспорты 461,2 мың АҚШ доллары сомасына 632,6 тоннаны құрады.

*************

"Қазақстан қаптамашылар  қауымдастығы" ЗТБ 2011 жылғы наурызда тіркелген.

2013 жылы Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелді.

Қауымдастықтың миссиясы- бірлестікке мүше компанияларды дамытуға көмек көрсету, саудада, Қазақстан Республикасының, ЕАЭО және ДСҰ мемлекеттік органдарымен жұмыста ортақ кедергілерді еңсеру.

Қазақстанда ПЭТ-қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 21 кәсіпорын бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан қаптамашылар  қауымдастығы ПЭТ-қалдықтарды қайта өңдеушілердің 90% - ын біріктіреді.

Қауымдастық сайты www.kzpack.kz

Мекенжайы: Астана қаласы, Қазақстан Республикасы, 010000, Е-10 көшесі, 2-үй

Суретті түсірген Светлана Карягина