Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары, сондай-ақ сертификаттаушы ұйымдар кәсіпті дамыту, сонымен қатар бухгалтерлік және аудиторлық саланы монополиялау әрекеттеріне қарсы тұру үшін "Қазақстан бухгалтерлері мен аудиторларының альянсына" бірікті.
"Бүгінгі таңда альянста 23 қатысушы бар. Альянстың негізгі мақсаты нарықты монополиялау әрекеттерімен күресу үшін кәсіби ұйымдарды біріктіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бірыңғай операторларды жою болып табылады. Сонымен қатар, Альянс қызметі бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіптік білім беру сапасын жақсартуға бағытталған", - дейді "ЦДБ Профи" ЖШС директоры Альмира Шарафутдинова.
"Қазақстанның бухгалтерлер мен аудиторлар альянсы" елдегі бухгалтерлер мен аудиторлардың ірі бірлестігіне айналды. Альянс бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби аудиторлық ұйымдар мен бухгалтерлер ұйымдарының мүшелері болып табылатын 28 770 жеке тұлғаны, аудиторлық және бухгалтерлік ұйым болып отырған 347 заңды тұлғаны біріктіреді. Альянс құрамына кіретін бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар Қазақстан Республикасының 12 700 кәсіби бухгалтерін сертификаттады.
"Кәсіби бухгалтерлер өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейде экономиканың дамуына зор үлес қосуда. Негізінде, бұл мәлімдеме қисынды және ерекше қарсылық танытқан жоқ, оған ондай себеп те болған жоқ, тек қазір Халықаралық бухгалтерлер федерациясының экономикалық және іскерлік зерттеулер орталығымен (Centre for Economics and Business Research, CEBR) бірлесіп жүргізген зерттеулерінің арқасында дәлелденді, оның нәтижелері бұл үлестің қаншалықты салмақты екенін көрсетті", деп атап өтті "ҚР Кәсіби бухгалтерлер Палатасы" КБП Директорлар кеңесінің төрағасы, Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі Нұрлан Әлімбетов.
Альянс құру "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" ҚР Заңының 21-бабының ережесінің күшіне байланысты және "Аудиторлық қызмет туралы" ҚР Заңының 4-бабының мәніне орай, яғни аудиторлық қызметтің тәуелсіздігіне байланысты "Өзін-өзі реттеу туралы" ҚР заңында көзделген өзін-өзі реттеуге байланысты бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік емес реттеу институттарын күшейтуге мүмкіндік береді.
"Біз заңнаманы жетілдіруге қарсы емеспіз, бірақ оны бүкіл бухгалтерлік және аудиторлық қоғамдастықпен өркениетті қоғамдық талқылау арқылы жүргізу керек деп санаймыз", - дейді "Бухгалтерлер қауымдастығы" КПБ директоры Сымбат Асанбекова.
Қатысушылардың айтуынша, әдетте ҚР Қаржы министрлігі жиі ұсынатын заңнамалық актілерге түзетулер нарық қатысушыларының жағдайын нашарлатады. Айқын мысал-аудиторлық қызметке қатысты жағдай.
"Аудиторлық қызметке қатысты жағдай өте шиеленісті. ҚР Қаржы Министрлігінің кәсіби кеңес түріндегі аудиторлық қызмет операторын құру идеясының сәтсіз аяқталғанын көріп отырмыз. Мысалы, 2021 жылдың шілдесінен бастап аудиторларды аттестаттау жүргізілмейді. Егер 2022 жылға дейін аудиторлық ұйымдар санының қандай да бір өсуі байқалса, осы жылдан бастап біз аудиторлық ұйымдардың айтарлықтай қысқарғанын байқаймыз. 2022 жылдың 1 наурызында Қазақстанда 484 аудиторлық ұйым, ал 2023 жылдың 21 ақпанында 471 ұйым болды", – деп атап өтті "Қазақстанның аудиторлық ұйымдар және аудиторлар институты" ҚР КАҰ атқарушы директоры Гүлмира Жармұхамбетова.
Тұтастай алғанда, Альянс Қазақстанның әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау саласында Қазақстанның ұлттық брендін құруға ұмтылады.
Альянс қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қазақстанның бухгалтерлері мен аудиторлары Қазақстан Республикасының экономикалық егемендігін, ішкі жалпы өнімін және инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі.