Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті басшылығының қатысуымен брифинг өтті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр хабарлағандай, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) пайдалануға беру жоспарлануда. Ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Жалпы саны алты жолақ болатын ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.
" ҮАААЖ-ында ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді ", - деді ол.
Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жобасы концессия механизміне сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз, бір Тарап екінші Тарапқа объектілерді пайдалану немесе салу құқығын беретін келісім. Концессия әдетте мемлекеттер мен компаниялар арасында жасалады және белгілі бір шарттар мен мерзімдерге ие.
Концессионердің пайдалану мерзімі - 15 жыл.
Концессионер «ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар» ЖШС болып табылады, оның құрылтайшылары «Алсим Аларко-Макйол – СК Экоплант – Корея Экспрессвэй» түрік – корей консорциумы болып табылады.
Жамбыл Бақтияр жобаның қолайлығы мен артықшылықтарын атап өтті:
- Алматыда және қала маңындағы кептелістерді азайту: ҮАААЖ негізгі магистралдарды босату және жол желісінің өткізу қабілетін жақсарту арқылы Алматы қаласындағы көлік ағынын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде кептелістерді азайтып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады.
- Жол жүру уақытын қысқарту: ҮАААЖ қаланы айналып өту уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін кептелісі аз балама маршрутын ұсынады. Сондай-ақ, ауыр жүк көліктері жүктерді тасымалдау кезінде уақытын үнемдеп, жұмыс тиімділігін арттыра алады.
- Экологиялық артықшылықтар: Көлік ағынын Алматы қаласынан тысқары жерлерге көшіру арқылы ҮАААЖ атмосфераға зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтып, қала мен оның төңірегіндегі экологиялық жағдайға оң әсерін тигізбек.
«БАКАД Инвестиции и Операции» ЖШС-нің пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев ҮАААЖ құрылысы барысында жоғары сапалы жабынға қол жеткізу үшін асфальтобетон төсеудің заманауи технологиялары мен әдістері қолданылатынын атап өтті. Сапаны бақылау құрылыстың әртүрлі кезеңдерінде жүзеге асырылды, оның ішінде материалдарды іріктеу, жолдың негізін дайындау және асфальтобетон төсеу кіреді.
" Жол құрылысына жоғарғы сапалы материалдар мен жүк көліктерінің салмағын еш қиындықсыз көтере алатын асфальт жабындылары қолданылды. Бұл автомобильдердің тозуын азайтуға және оларды оңай басқаруына көмектеседі.", - деді ӨКҚ спикері.
Бұл автомобильдердің тозуын азайтуға және оларды оңай басқаруына көмектеседі. Сонымен қатар, жабын температураның өзгеруімен және ылғалдың әсерімен жақсы жұмыс істейді, бұл жолдың әртүрлі климаттық жағдайларда тұрақты және қауіпсіз жүруіне мүмкіндік береді.
Министрлік өкілдері қарқынды қозғалысты ескере отырып, жабынның жоғарғы қабаты модификацияланған битум полимерін қолдана отырып, қиыршық тасты-мастикалық асфальтобетоннан тұрады. Жол жүк көліктерінің өтуіне байланысты жоғары жүктемелерді ескере отырып жасалған.