2023 жылғы 3 қарашада сағат 11:00-де Шұғыла 347 шағын ауданында Бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар-Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты және Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы.
Жәрмеңкенің мақсаты-жастарға, оқу орындарының түлектеріне және жұмыс іздеушілерге жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, жұмысқа қабылдау процесін жеңілдету және жұмыс берушілерге лайықты кандидаттарды тарту арқылы олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Жәрмеңкеде қаланың 80-нен астам жұмыс берушілері 500 жұмыс орнына 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынады деп күтілуде.
Барлық жұмыссыз азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тұрақты жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндіктер беретін жәрмеңкеге шақырамыз.