Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовскаяның қатысуымен брифинг өтті. 2022 және 2023 жылдар аралығында бірлестікке кеңес алу үшін 4000-нан астам азаматтың жүгінгендігі белгілі болды.
Көп жағдайда азаматтар сауда, денсаулық сақтау, тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс салаларындағы қызметтердің сапасына қанағаттанбайды.
«Тұтынушылар лигасының негізгі мақсаты – саналы таңдау жасайтын адамның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру», - деп атап өтті С.Романовская.
Ол азаматтардың шағымдануының негізгі себептері ретінде сапасыз тауарлардың сатылуы, тауарлардағы баға белгілерінің болмауы және дұрыс еместігі, интернет-дүкендерден ақшаны уақтылы қайтарылмауы екенін атап өтті.
Тұтынушылардың шағымдары келесі салаларға бағытталған:
- сапасыз тауарларды / техниканы сату - 32,6%;
- белгіленген мерзімде қызмет көрсету/жұмыстарды орындау шартын орындамау-12,2%;
- Абоненттік байланыс қызметтеріне-7,3%;
- білім беру курстарына-7,3%;
- әуе қызметтеріне-2%;
- тұтынушылық дауларды қараудың сотқа дейінгі тәртібін бұзу-4%;
- сатушының айырбастау/қайтару міндетін орындамауы-15,5%;
- электрондық сауда саласындағы бұзушылықтар-14,7%.
Светлана Романовская халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын қолданыстағы ұлттық стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.