Қазақстанда сақтандыру төлемдерін реттеу процесі өзгерді. Цифрлық платформаларды әзірлеу мен енгізудің арқасында тез әрі ыңғайлы болды және технологиялық жағынан жетілдірілді. Бұл туралы “Freedom Insurance” сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Азамат Керімбаев автосақтандыруға арналған медиа-шара аясында сөз қозғады.

Компанияның сақтандыру төлемдерін жедел рәсімдеуге арналған әзірлеген DTP.kz көмегімен өтініш берудің орташа уақыты небәрі 15 минутты құрайды. Бұл 1-ден 5 жұмыс күніне дейінгі стандартты мерзімнен айтарлықтай тез. Өтініш беріп, төлемді шотқа аударған сәттен бастап төлем жылдамдығы бойынша компанияның рекорды 2 сағатты құрады.

DRM 1816

ӘҚББТ (Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі) және қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі сияқты сыртқы қызметтермен интеграциялау арқылы Sergek сақтандыру компаниясына жол-көлік оқиғалары туралы деректерді қабылдауды автоматтандыруға, өтініштерді өңдеуді жылдамдатуға және алаяқтық белгілерін жедел тексеру арқылы қауіпсіздікті жақсартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ компания көлік құралдарын онлайн-тексерудің және бағалаудың цифрлық механизмін енгізе алды. Бұл тәсіл сақтандыру төлемдерін алу процесін жеңілдетеді.

DRM 1816

Сонымен қатар, DTP.kz жүйесі арқылы Еурохаттама механизмі бойынша өтінімдер саны өсуде. Егер Қазақстанда Еурохаттама енді ғана іске қосылған 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл жүйе бойынша өтініштер саны 2 845 болса, 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл сан 2 217 болды.

DRM 1896

DTP.kz сервисінің нарықтағы үлесі де артты. Жалпы Қазақстан бойынша соңғы 9 айда 2,8%-дан 29,1%-ға өсті. Астана болса Қазақстанның барлық қалаларының арасында технологияны пайдаланудың ең әсерлі өсімін көрсетті – 23,3%-дан 82,5%-ға дейін. 

Платформаның дамуы компанияның қаржылық тиімділігін арттыруға жол ашты. “Freedom Insurance” СК” АҚ төлемдерді жүзеге асыру процесіне байланысты компания ішіндегі шығындардың айтарлықтай қысқарғанын атап өтеді. Цифрлық шешімдерді енгізу және процесті оңтайландыру компанияға 2024 жылы әрбір төлем процесінде 21 000 теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді.

DRM 2340

Компанияның мәліметінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы әрбір екінші сақтанушы КҚИ АҚЖС үшін Freedom Insurance компаниясын таңдайды. Қазақстанның сақтандыру компанияларының өткен жылғы рейтингі бойынша “Freedom Insurance” СК” АҚ 5-ші орында. Биыл компания атаулы рейтингте жоғары көтерілуге ​​үмітті.

Назира Бурханова