Алматыда сауда нысандарын ашу жұмыстары жалғасуда
11.01.2022 жағдай бойынша қалада 149 ірі және орта супермаркеттердің 117 (78,5%) жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Магнум», «Small», «Тоймарт» азық-түлік желілерінің сауда объектілері ашылды. 31 (13,5%) объект зардап шекті (Магнум - 19, Тоймарт - 11, Интерфуд - 1). 19 қаңтардан бастап «Esentai Gourmet» супермаркеті жұмысын қайта бастайды.