Corporate Chess Cup 2025: бизнесте үздік болу – шахматта да үздік болу
Астанада Astana International Forum аясында Corporate Chess Cup 2025 турнирі өтті. Бұл додада жеңіс тұғырынан көрініп, корпорациялар арасындағы шахматтан өтетін Әлем чемпионатына жолдама алған команда – ERG (Eurasian Resources Group).