Алматыда математика мұғалімдеріне арналған Аягүл Миразова атындағы тұңғыш қалалық олимпиада өтті
3 мамыр 2025 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Миразова Аягүл Төреқызы атындағы математика пәні мұғалімдеріне арналған тұңғыш І қалалық олимпиада өтті.