2022 жылдың 22-27 шілде аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінінің Орталық көрме залы мен «ASAR VITA» қоғамдық қоры «Мен – Әлеммін» фотокөрмесіне шақырады.

 

«Мен сенімдімін: әр адам - бұл әлем, бұл ғалам, әр адамда бәрі бар!» Некрасов А.А.

Біздің әрқайсымыз - мамандық, отбасы немесе шығармашылық болсын, өмірдің кез-келген саласында өз жеңістері мен сәтсіздіктері бар бүкіл әлембіз. Біздің әрқайсымыз өз әлеміміз үшін және жалпы әлем үшін құндымыз.

Басқа адамның құндылығын түсіну үшін оның әлемін көру керек және дәл осы мақсатта «Мен - Әлеммін» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде түрлі жағдайға байланысты тағдырлары оңай соқпаған 13 қазақстандықтың өмірін бейнелейтін 40 әуесқой фотосурет ұсынылды. Көрме кейіпкерлері өздерінің жеке жұмыстарымен әрбір мәселені еңсеруге болатынын дәлелдеді. Олардың белсенді өмірлік ұстанымы олардың өз жоспарларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі мақсаты - кез-келген мәселені оң өзгерістерге айналдыратын адамдармен танысуға мүмкіндік беру.

Көрме жетекшісі - Кожухова Татьяна