2023 жылдың 14 наурыз күні, сағат 16:00-де, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде, князь Азат Әкімбектің жеке коллекциясынан «Орталық Азия мен Кавказ халықтарының XVIII - XX ғғ.басындағы зергерлік бұйымдары» көрмесі өтеді. Көрмеге белгілі коллекционердің жеке қорынан Орталық Азия мен Кавказ халықтарының 200 – ден астам зерегерлік бұйымдары қойылған.
Зергерлік бұйымдар шығыс аруларының күнделікті тұрмысында кеңінен пайдаланылатындықтан зергерлерге жаңа идеялар туғызды. Қазақ, қырғыз, түрікмен, ұйғырлар мен қарақалпақтардың әшекейлері осы халықтардың мәдени мұрасында үлкен орын алады. Орталық Азияның өзіне тән дәстүрлі өнері ертеден-ақ көшпелі және отырықшы халықтар арасындағы этникалық және мәдени процестерді байланыстыратын көпғасырлық тарихының қырларын көрсетеді.
Сақ дәуірінде қалыптасқан қол өнерінің жоғары дәрежедегі дәстүрлері бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан емес. Сақ және сармат торевтері мен зергерлерінің туындыларын Орта Азия зергерлерінің әшекейлерімен салыстыра келіп, біз көне дәстүрлердің керемет өміршеңдігін көреміз. Осылайша, сақ дәуірінде шыққан бас киімінің негізгі ерекшеліктері қазіргі кезге дейін сақталып, бізге сәукеле түрінде жеткен дей аламыз. Ғұн дәуірінің полихромды стиліндегі бұйымдар мен Батыс Қазақстан, Түрікменстан және Қарақалпақстан зергерлік әшекейлерінің арасындағы ұқсастықтары тіпті таңғалдырады. Оларға типогологиялық жақындық қана тән емес, олардың арасында ою-өрнегі мен өндірістік технологиясы жағынан ұқсастықтары да бар.
Түркі заманында ою-өрнек ерекше, біз қазір көріп жүрген Орталық Азия халықтары әшекейлерінен көріп жүрген далалық нұсқада кеңінен тарады. Орталық Азия халықтарының зергерлік өнері олардың тұрмысын, мәдениетін және көркемдік талғамын білдіретін әйелдер киімінде басты орын алды.
Орталық Азия зергерлік бұйымдары жоғары техникалық және эстетикалық деңгейде жасауға қолдары жетті. Олар соғу, қақтау, қашау, керту, сызбалау, қалыптау, ойып, эмаль құю, қаралау, бүршіктеу және шелтіреп ширату әдістерін игерді. Зергерлер көбінесе жалғыз жұмыс істейді, тек қартайған шағында ғана өз шеберліктерінің сырын үйрету үшін шәкірттерін даярлады.
Көрме 31 нарузыға дейін жалғасады.